Дәрігерлер алаңды аралап, кез келген жағдайға қызмет көрсетуге дайын
Алматыда өтіп жатқан Дженнифер Лопес концерті аумағында жедел жәрдем бригадалары кезекшілікте тұрып, көрермендерге жан-жақты қолдау көрсетіп жүр, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Дәрігерлер алаңды аралап, кез келген жағдайға қызмет көрсетуге дайын. Жедел жәрдем көліктері кіреберіс пен шығаберіс маңында орналасқан, ал медицина қызметкерлері ұйымдастырушылармен және қауіпсіздік қызметімен тұрақты байланыста.
Ұйымдастырушылар көрермендерге жан-жақты қамқорлық танытып, ең жоғары деңгейде дайындық шараларын қолға алған. Мұнда бәрі қонақтардың музыка мен мерекелік атмосферадан ләззат алып, Алматының мейірім мен жылы лебізге толы ықыласын сезінетіндей етіп ұйымдастырылған.
Оқи отырыңыз: Дженнифер Лопес концерті: еріктілер көрермендердің орналасуына жәрдемдесіп жүр