Жазғы демалысты пайдалы өткізіңіз: Алматы кітапханалары тегін үйірмелерге шақырады

11.07.2026 12:32

Сан түрлі үйірмелерді әркім өз қызығушылығына сай таңдай алады

пресс-служба акима Алматы

Жаз – демалыс маусымы ғана емес, жаңа қабілет ашып, шығармашылықпен айналысуға әрі уақытты қызықты да пайдалы өткізуге тамаша мүмкіндік. Осыған орай Алматының кітапханаларында балаларға, жасөспірімдерге және ересектерге арналған тегін жазғы үйірмелер мен танымдық бағдарламалар ұйымдастырылған, - деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Кітапханаларда шебердің сабақтары, шығармашылық кештер, пікірталас алаңдары және түрлі білім беру бағдарламалары өткізіледі. Сан түрлі үйірмелерді әркімге қызығушылығына сай таңдай алады. Олардың қатарында әдеби-танымдық клубтар, шет тілдері курстары, компьютерлік сауаттылық, шешендік өнер, актерлік шеберлік, сәндік-қолданбалы өнер, кітап клубтары, қолөнер үйірмелері және басқа да көптеген бағыт бар.

Шығармашылық қабілетін дамытқысы келетін балалар үшін дәстүрлі және заманауи қолөнер тәсілдерін меңгеруге мүмкіндік беретін сәндік-қолданбалы өнер үйірмелері жұмыс істейді. Мұндай үйірмелер И.А. Крылов атындағы қалалық балалар кітапханасында, Алматы кітапханаларының Герольд Бельгер көшесі, 1Б мекенжайындағы филиалында, сондай-ақ №1, №14, №26, №33, №39 және №44 кітапханаларда ұйымдастырылған.

Кітап әлемін тереңірек танып, ой-өрісін кеңейткісі келетіндер үшін кітап клубтары жұмыс істейді. Олар А.П. Чехов атындағы орталық қалалық кітапханада, Alatau Creative Hub орталығында, С. Бегалин атындағы орталық қалалық балалар кітапханасында, Алматы кітапханаларының Розыбакиев көшесі, 247/7 мекенжайындағы филиалында, сондай-ақ №1, №14, №24, №26, №32 және №33 кітапханаларда өткізіледі.

№44 кітапханада компьютерлік сауаттылық курсы бар. Курс заманауи технологиямен жұмыс істеудің негізгі дағдыларын меңгеруге, цифрлық құралдарды тиімді пайдалануға және түрлі бағдарламалармен жұмыс істеу машығын жетілдіруге мүмкіндік береді.

Кітапханаларда шет тілдерін тегін оқуға да мүмкіндік бар. Қазақ тілі курстары И.А. Крылов атындағы қалалық балалар кітапханасы мен №39 кітапханада өтеді. Ағылшын тілі сабақтары И.А. Крылов атындағы қалалық балалар кітапханасында, Alatau Creative Hub-та, Алмалы кітапханасында, сондай-ақ №30 және №33 кітапханаларында ұйымдастырылған. Ал қытай тілін Alatau Creative Hub пен А.П. Чехов атындағы орталық қалалық кітапханада үйренуге болады.

Көпшілік алдында сөйлеу және шешендік өнерді меңгергісі келетіндер үшін Alatau Creative Hub пен И.А. Крылов атындағы қалалық балалар кітапханасында арнайы сабақтар өткізіледі.

Алматы тұрғындары мен қала қонақтарын жазғы демалысты Алматы кітапханаларымен бірге қызықты, мазмұнды әрі пайдалы өткізуге шақырамыз!

Үйірмелерге жазылу және қосымша ақпарат алу үшін кітапханаларға хабарласуға немесе library.almaty ресми Instagram парақшасына жазуға болады.

А.П. Чехов атындағы орталық қалалық кітапхана - 8 708 218 4585
Мекенжайы: Алмалы ауданы, Гоголь көшесі, 109
«Кітап талқы» – кітап талқылау клубы
    (айына 1 рет, дүйсенбі, сағат 15:00; 18-20 жас)
«Chinese club» – қытай тілін оқыту курсы
    (аптасына 2 рет, сәрсенбі, бейсенбі, сағат 16:00; 12-16 жас)
«Contemporary English» – ағылшын тілі курсы
    (аптасына 1 рет, сейсенбі, сағат 20:00; 16+)

И.А. Крылов атындағы қалалық балалар кітапханасы - 8 707 190 00 64
Мекенжайы: Бостандық ауданы, Әуезов көшесі, 175
«Алтын қолдар» – сәндік-қолданбалы өнер үйірмесі
    (бейсенбі және сенбі, сағат 10:00-12:00; 6-12 жас)
«Тіл – қазына» – қазақ тілі үйірмесі
    (сәрсенбі 12:00–13:00, сенбі 10:00-12:00; 7-12 жас)
«Ертегі терапиясы»
    (сейсенбі, сағат 14:00-14:45; 4-6 жас)
«Сахна және сара сөз» – актерлік шеберлік және шешендік өнер үйірмесі
    (дүйсенбі және сәрсенбі, сағат 10:00-12:00; 6-12 жас)

Alatau Creative Hub – 8 707 732 60 66
Мекенжайы: Алатау ауданы, Нұркент шағынауданы, 5/11
«Көркемсурет»
(сәрсенбі, жұма, 11:00-12:00 және 15:00-16:00; 9-15 жас)
«Қытай тілі курсы»
(сейсенбі, бейсенбі, 10:00-11:00 және 15:00-16:00; жас шектеуі жоқ)
«Көркем жазу»
(дүйсенбі, жексенбі, 11:00-12:00 және 16:00-17:00; 5-10 жас)
«Ағылшын ересектерге»
(сенбі, жексенбі, 14:00-15:00)
«Кітап құмар»
(сейсенбі, бейсенбі, 16:00-17:00; 12-14 жас)
«Сөз өнері»
(сейсенбі, бейсенбі, 10:00-11:00 және 15:00-16:00; 10-15 жас)
«Шахмат»
(бейсенбі, жұма, 11:00-12:00 және 15:00-16:00; 7-14 жас)
«Ағылшын тілі балаларға»
(дүйсенбі, сәрсенбі, 11:00-12:00; 7-10 жас)

С. Бегалин атындағы орталық қалалық балалар кітапханасы – 8 777 732 1594
Мекенжайы: Медеу ауданы, Төле би көшесі, 27
«Қағазбен моделдеу»
(әр сәрсенбі, 11:00; 6 жастан бастап бастауыш сынып оқушыларына арналған)
Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасы – 8 708 124 4444
Мекенжайы: Алмалы ауданы, Назарбаев даңғылы, 43
«Q-planet»
(аптасына 1 рет; жас шектеуі жоқ)

№1 кітапхана – 8 777 217 46 88
Мекенжайы: Түрксіб ауданы, Толстой көшесі, 36
«Әжемнің ертегісі»
(айына 1 рет; 5-6 жас)
«Шебер қолдар»
(айына 1 рет; 5-10 жас)

№14 кітапхана – 8 705 727 1611
Мекенжайы: Бостандық ауданы, Римский-Корсаков көшесі, 3
«Қағаз-қайшы»
(айына 2 рет, бейсенбі, 15:00; 7-15 жас)
«Оқырман» – кітап клубы
(айына 1 рет, бейсенбі, 18:00; 17-21 жас)
«АРТ терапия»
(айына 2 рет, дүйсенбі, 12:00; 7-15 жас)
«TalantLive» – актерлік шеберлік үйірмесі
(айына 2 рет, сейсенбі, 12:00; 10-16 жас)

№24 кітапхана – 8 775 599 0220
Мекенжайы: Жетісу ауданы, Айнабұлақ-4 шағынауданы, 174
«Сиқырлы қылқалам» – сурет салу үйірмесі
(ай сайын; 5-9 жас)
«Оқитын ұлт» – кітап клубы
(ай сайын; 8-сынып оқушылары)
«Ақпарат арнасы» – ақпараттық мәдениет және цифрлық сауаттылық клубы
(ай сайын; жас шектеуі жоқ)
«StoryTime» – ертегі оқу
(ай сайын; 3–5 жас)

№26 кітапхана – 8 707 942 6181
Мекенжайы: Түрксіб ауданы, Сейфуллин даңғылы, 102
«Үміт» – әдеби клуб
(тоқсанына 1 рет; 14-16 жас)
«Шахмат»
(тоқсанына 3 рет; 10-12 жас)
«Тоқыма»
(тоқсанына 3 рет; 10-15 жас)

№30 кітапхана – 8 707 779 9769
Мекенжайы: Түрксіб ауданы, Дөнентаев көшесі, 2А
«Speaking club»
(айына 4 рет, сенбі, 11:00; 7-11 жас)
«Затейник»
(айына 1 рет, жұма, 14:00; 7-11 жас)

№32 кітапхана – 8 747 171 8830
Мекенжайы: Алмалы ауданы, Достық даңғылы, 42Б
«Лира» – әдеби клуб
(айына 1 рет, айдың соңғы бейсенбісі; 50-60 жас)

№33 кітапхана – 8 705 203 8689
Мекенжайы: Алмалы ауданы, Төле би көшесі, 160
«English Academic Club» – ағылшын тілі курсы
(айына 2 рет, сейсенбі, 11:00; 8-13 жас)
«Ғажайып қолдар»
(айына 1 рет, сәрсенбі, 11:00; 7-12 жас)
«Ертегі оқып берейін»
(айына 1 рет, бейсенбі, 11:00; 6-10 жас)

№39 кітапхана – 8 747 806 2843
Мекенжайы: Медеу ауданы, Достық даңғылы, 111/4
«Ғажайып бояулар» – сурет салу үйірмесі
(айына 2 рет, бейсенбі, 15:00; 6-10 жас)
«Қазақша сөйлеп үйренейік» – қазақ тілі үйірмесі
(айына 2 рет, сенбі, 11:00; 7-11 жас)
«Шебер қолдар» – қолөнер академиясы
(айына 2 рет, сәрсенбі, 15:00; 7-12 жас)

№44 кітапхана – 8 775 472 2329
Мекенжайы: Алатау ауданы, «Томирис» шағынауданы, Орталық көшесі, 126
«Компьютерлік сауаттылық»
(апта сайын, сәрсенбі; жас шектеуі жоқ)
«Сиқырлы қағаз әлемі»
(айына 2 рет, сейсенбі; 5-13 жас)
«Ертегі терапиясы»
(айына 1 рет, айдың соңғы жұмасы; 5-8 жас)

№45 кітапхана – 8 702 437 3176
Мекенжайы: Әуезов ауданы, Мамыр-7 шағынауданы, 8А
«Жүректен жүрекке»
(екі айда 1 рет; 60-80 жас)

Алматы кітапханаларының Розыбакиев көшесі, 247/7 мекенжайындағы филиалы – 8 747 582 3841
«Шамшырақ» – кітап талқылау клубы
(айына 2 рет, сейсенбі, 20:00; 15-25 жас)

Алматы кітапханаларының Герольд Бельгер көшесі, 1Б мекенжайындағы филиалы – 8 747 727 7101
«Қылқалам» – сурет салу үйірмесі
(айына 2 рет, сәрсенбі, 14:00-15:00; 7-12 жас)
«Ертегі мен экран»
(айына 2 рет; 5-10 жас)
«Шеберлік әлемі» – сәндік-қолданбалы шығармашылық үйірмесі
(айына 2 рет, сенбі/жексенбі, 15:00-16:00; 7-12 жас)
«Көркем жазу»
(айына 1 рет; 5-6 жас)

Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы Моңғолия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады