Рахат-Мәдениет шағынауданындағы желі құрылысы бойынша әкімдік тексеріс жүргізеді

20.05.2025 09:20

Тексеру барысында бірқатар заңбұзушылық анықталды

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Қала құрылысын бақылау басқармасы Рахат-Мәдениет шағынауданында «САПА ҚҰРЫЛЫС 2007» ЖШС мердігер ұйымы жүргізіп жатқан су құбыры мен кәріз желілерінің құрылысына инспекциялық тексеру жүргізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тексеру барысында бірқатар заңбұзушылық анықталды.

Атап айтқанда, кейбір учаскелерде қайтадан топырақ толтырылмаған, ал кей жерлерде қабаттап тығыздау жұмыстарынсыз топырақ төселген, бұл жол жабындысының шөгуі мен опырылуына алып келген.

Сондай-ақ, қорғаныс қоршаулары, тіреулер, ор траншеяларының еңістерін өңдеу жұмыстары жүргізілмегені анықталды. Бұған қоса, жобадан ауытқушылықтар да тіркелді.

Қазіргі уақытта бірнеше ҚР ӘҚБтК баптары бойынша әкімшілік шаралар қабылдау мақсатында жоспардан тыс тексеріс басталады.

Оқи отырыңыз: Алматыдағы жастардың қанша пайызы тұрақты жұмыспен қамтылды