Рұқсатсыз салынған үйлер: Алматы әкімдігі баспана аларда сақ болуға шақырды

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бейбіт Шаханов заңсыз салынған тұрғын үйлерге қатысты азаматтарды қабылдады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов құрылыс нормалары бұзылып салынған және үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсаты жоқ тұрғын үй кешендерінен баспана сатып алу мәселелері бойынша азаматтарды жеке қабылдады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Кездесу барысында Бейбіт Шаханов тұрғындардың өтініштерін тыңдап, қалалық басқармалар мен құқық қорғау органдарының өкілдерімен бірге түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Қала әкімінің орынбасары тұрғын үй сатып алу кезінде құрылыс салушыдан барлық рұқсат құжаттарының толық топтамасын талап ету аса маңызды екенін атап өтті. Оның ішінде Қазақстан тұрғын үй компаниясының кепілдігі немесе «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» заңға сәйкес үлескерлердің қаражатын тартуға әкімдіктің ресми рұқсаты болуы қажет.

Сонымен қатар әкімдік тұрақты негізде сатып алуға ұсынылмайтын тұрғын үй кешендерінің тізімін жариялап отыратынын айтты және азаматтарды жылжымайтын мүлік аларда барынша сақ болуға шақырды.

Құжаттардың бар-жоғын Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасының +7 705 89 66 000 байланыс нөмірі арқылы тексеруге болады.

Оқи отырыңыз: Алматыда веложарысқа байланысты көлік қозғалысы шектеледі

Новости партнеров