1 мамырдан бастап Алматы мен Пусан арасында тікелей әуе қатынасы жолға қойылады. Оңтүстік Кореяның әуе компаниясы рейстерді аптасына екі рет орындайды, - деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Жаңа бағыт Оңтүстік Кореяның ірі портты қаласы мен Алматыны жалғап, екі ел арасындағы туристік әрі іскерлік байланыстарды жаңа деңгейге көтереді. Сонымен қатар сапарларды бұрынғыдан да қолжетімді және ыңғайлы етеді.
Алматыға оңтүстіккореялық туристердің қызығушылығы тұрақты түрде артып келеді. 2025 жылы қалаға Оңтүстік Кореядан 23 мыңнан астам қонақ келген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 15,3%-ға көп.
Тікелей рейстің ашылуы туризмді дамытуға, іскерлік белсенділікті арттыруға және мәдени байланысқа тың серпін беріп, Алматының өңірдегі жетекші туристік орталықтардың бірі ретіндегі орнын одан әрі нығайта түседі.
Оқи отырыңыз: Алматыда инклюзия жүйесін құру жолдары талқыланды – ерте қолдаудан бастап жұмыспен қамтуға дейін