Сәулеттік жарықтандыру: Бостандық ауданы кешкі уақытта самаладай жарқырай түсті

07.10.2025 14:23

Энергия үнемдейтін шамдар мен ұзақ уақыт пайдалануға болатын жабдықтарға ерекше көңіл бөлініп отыр

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Бостандық ауданында эстетикалық тұрғыдан тартымды қала ортасын қалыптастыру жұмыстары жалғасып жатыр. Сол игі істің бір бағыты — ғимараттар мен нысандарға сәулеттік жарықтандыру орнату, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Кешкі уақытта аудан бұрынғыдан да жарқырап, жайлы бола түсті. Көшелер жарық, әдемі. Серуендей бергің келеді. Бостандық ауданы әкімінің аппаратына алғыс айтамыз!» — дейді аудан тұрғыны әрі белсендісі Г. Сүлейменова.

Соңғы уақытта жарық орнату жұмыстары мына мекенжайларда аяқталды:
▫ Орбита-2 шағынауданы — №10, 11, 12, 17 және 17а үйлер.
▫ Байтұрсынов көшесі, 191.
▫ Назарбаев даңғылы — №229, 223 (2а блогы), 2Б, 36, 46, 193.
▫ Әл-Фараби даңғылы — №125, 127, 129, 131, 133, 135.
▫ Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу-техникалық университеті мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғимараттары.
▫ «Атакент» аркасы.
▫ Бәйсейітова көшесі, 42.

Қазір шам орнату жұмыстары келесі нысандарда жүргізіліп жатыр:
▪ «Сұңқар» трамплині.
▪ Әл-Фараби даңғылы — №45, 95, 97.
▪ Балуан Шолақ атындағы спорт кешені.
▪ Бәйсейітова көшесі — №42 және 49.
▪ Сәтбаев пен Желтоқсан көшелерінің қиылысындағы телемұнара.

Энергия үнемдейтін шамдар мен ұзақ уақыт пайдалануға болатын жабдықтарға ерекше көңіл бөлініп отыр. Жұмыс барлық техникалық норма мен стандартқа сәйкес кезең-кезеңімен істеліп жатыр. 

Бірігіп Алматыны жарық әрі көрікті қалаға айналдырып келеміз!

Оқи отырыңыз: Биыл 9 млн көлік өткен: Алматы–Қонаев бағыты рекорд орнатты