Тау және скрипка: Алматының әсем табиғатында әуен әуеледі

16.11.2026 13:20
Depositphotos

Қар жамылған Алматы таулары мен көгілдір-жасыл түсімен көз тартатын Үлкен Алматы көлінің аясында ерекше музыкалық қойылым түсірілді, - деп хабарлайды Almaty.tv.

Скрипкашы Жібек Сақтан табиғат аясында Yiruma-ның әлемге танымал «Kiss the Rain» шығармасын орындады.

Түсірілім авторы – гид әрі альпинист Жеңісбек Мұхамедкәрім. Ол тауға шығумен қатар, Алматының табиғи көріністерін фото және видео арқылы таспалап, қаланың туристік әлеуетін танытуға үлес қосып келеді.

Тау тыныштығы мен скрипка әуені үйлескен бұл туынды Алматының табиғаты тек саяхатшыларды ғана емес, өнер адамдарын да шабыттандыратынын көрсетеді.

Толық көрсету