Су басудың алдын алу шаралары: Алматыда 2 мыңнан астам коммуналдық қызметкер тәулік бойы кезекшілік атқарады

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда су басудың алдын алу үшін 2 мыңнан астам коммуналдық қызметкер тәулік бойы кезекшілік атқарады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бүгін, 1 қазан күні сағат 09:00-ден Алматыда жаңбыр жауа бастады. «Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, жауын-шашын 2 қазан сағат 01:00-ге дейін жалғасып, жалпы көлемі 17 мм-ге дейін жетуі мүмкін. Сағат 20:00-ден кейін қалада қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін. Шығыстан соққан желдің жылдамдығы 3-8 м/с, екпіні 13 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы +6 °С шамасында болады.

Синоптиктердің болжамынша, 2 қазанға қараған түні жауын мен тұман сақталады. Түнде ауа температурасы +3…+5 °С, күндіз +10…+12 °С аралығында болады.
3 қазанда – ауа райы бұлтты, бірақ жауын-шашынсыз. Түнде +3…+5 °С, күндіз +13…+15 °С болады.

Қалада ықтимал су басудың алдын алу және оның салдарын жою мақсатында коммуналдық қызметтердің тәулік бойғы кезекшілігі күшейтілген тәртіпте ұйымдастырылды. Жұмысқа 117 арнайы техника, 74 мотопомпа, 14 ассенизатор көлігі (оның ішінде 7-уі қауіпті аймақтарда) тартылған. 81 жедел бригада (421 жұмысшы) мотопомпа мен қажетті құрал-жабдықтармен қамтылып, 2 310 қапшық дайындалды.

Алматы қаласы Құтқару қызметі: 1 ассенизатор көлігі, 15 мотопомпа, 51 маман.

Алматы қаласы ТЖД: 58 арнайы техника, 240 қызметкер.

Күндізгі уақытта 387 арнайы техника мен 1 808 жұмысшы еңбек етеді. Түнгі уақытта 153 арнайы техника мен 301 жұмысшы жұмылдырылған.

Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтап, түнгі және таңғы уақытта таулы аймақтарға бармауға шақырады.

Оқи отырыңыз: Жел күшейіп, тұман түседі: синоптиктер қазақстандықтарға жылы киініп жүруді ескертті

 

Новости партнеров