«Шуақ» аллеясы ашылды: Алматы әкімі Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесті

04.11.2026 19:12

Жиында көпшілікке ортақ мәселелер көтерілді

Almaty.tv

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Бостандық ауданын аралап, тұрғындарымен жүздесті. Іс-шара барысында жаңадан қолданысқа берілген «Шуақ» аллеясымен жүріп өтіп, аумақтың жаңа кейпін тамашалады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұған дейін бос кеңістік болған жер бүгінде тұрғындардың демалыс орнына айналған. Мұнда заманауи су бұрқақ орнатылып, әткеншектер қойылған. Сондай-ақ сәндік элементтер мен шағын сәулеттік нысандар, түнгі жарықтандыру жүйесі жаңартылыпты. Жасыл желекпен көмкерілген кеңістікте жұрттың серуендеп, тынығуына қолайлы жағдай жасалған. Одан кейін әкім жергілікті жұртпен кездесіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Жиында көпшілікке ортақ мәселелер көтерілді.

Атап айтқанда, пәтер иелері кооперативі мен мүлік иелері бірлестіктерінің жұмыс сапасы, тұрғын үйлерді күтіп ұстау, аулаларды абаттандыру және инфрақұрылымға қатысты түйткілдер сөз болды. Қараша өздерін толғандырған сауалдарын тікелей жеткізіп, мәселелердің шешілуіне қатысты ұсынысын ортаға салды.

«Әкім келеді» деп естіп, шықтық. Өте керемет. Ауданымызда жақсы нәрселер жасалып жатыр. Абаттандырып, қанша көшені жарық орнатылды. жөндеп жатыр. Қаланың әкімі келгелі көп дүние жасалды, ризамыз!» – деді Бостандық ауданының тұрғыны Төрехан Қыдырәлі.

 «Саябақ салып беріп жатыр.  Шетелдегідей айналамыз әдемі!  Балалар алаңы бар. Тұрғындармен кездесіп, кімде қандай сұрақ бар, шешу жатыр. Қаламыз көркейіп келеді. Әкімге, рақмет!» – деді Бостандық ауданының тұрғыны Ақмарал Қожағұл.

Оқи отырыңыз: Алматылықтарға Әуежай көлінің аумағын қалай көркейту жоспарланып отырғаны айтылды

Толық көрсету