Сыбайлас-жемқорлықпен күрес: Алматы әкімі мәселені жеке бақылауына алды

18.06.2025 15:27

Жиын барысында қатысушылар ұсыныстар айтып, оларды шешу жолдарын қарастырды

«Барлық кемшіліктерді жойып, олардың орындалу барысын қатаң қадағалаңыздар». Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның төрағасы ретінде өткізген алғашқы отырысында осындай пәрмен беріп, мәселенің жеке бақылауында болатынын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Басқосу Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы қаласы бойынша департаментінің бастамасымен ұйымдастырылды. Кеңейтілген кеңесте туризм, құрылыс саласындағы заңбұзушылықтар мен созбаққа салынған нысандарға қатысты мәселелер қаралды. Жиын барысында қатысушылар ұсыныстар айтып, оларды шешу жолдарын қарастырды.

«Алматы қаласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері құрылыс нысандары, жер мәселелері және тау бөктеріндегі жүргізіліп жатқан құрылыста кездеседі.  Сол себепті комиссия отырысы барысында проблемалық нысандар бойынша сұрақтар көтеріліп, оларды шешу үшін тиісті іс-шаралар бақылауға алынды», – деді Алматы қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Арман Рахимов.

Оқи отырыңыз: Алматы әкімі медицина қызметкерлерін марапаттады