Алматы қуыршақ театры Қазанда өткен халықаралық фестивальдің бас жүлдесін жеңіп алды

20.07.2026 11:21
пресс-служба акима Алматы

2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында Мемлекеттік академиялық қуыршақ театры халықаралық театр фестивальдерінде Қазақстанның атынан сәтті өнер көрсетті. Бұл туралы қалалық Мәдениет басқармасының өкілдері айтты, -  деп хабарлайды Аlmaty.tv

Театрдың басты жетістігі Қазан қаласында өткен «Шомбай-fest – 2026» халықаралық қуыршақ театрлары фестивалінде Гран-при жүлдесін жеңіп алуы болды. «Ортеке» спектаклі ең жоғары марапатқа лайық деп танылды.

Сонымен қатар, театр Румыниядағы Халықаралық Шекспир фестиваліне қатысып, 2027 жылы өтетін тағы бір беделді халықаралық театр форумына шақырту алды. Сондай-ақ театр «BIKEN FEST» фестивалінің қатысушысы атанып, 2027 жылы ТҮРКСОЙ ұйымы ұйымдастыратын халықаралық фестивальге қатысуға шақыртуға ие болды.

Оқи отырыңыз:  Алматыда 850 шақырымнан астам тау туристік бағыты көркейтілді