Мұнараның қасбетінде қазақтың халық аспабының бейнесі пайда болды
Алматының ең көрнекті орындарының бірі «Көктөбе» телемұнарасы Ұлттық домбыра күніне орай ерекше жарықпен айшықталып, мерекелік кейіпке енді, - деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Мұнараның қасбетіне домбыраның бейнесі, әуенді ноталар, ұлттық өрнектер мен «Ұлттық домбыра күні құтты болсын!» деген құттықтау жазу пайда болды.
Атаулы күнге орай Республика сарайының алдындағы Абай алаңында дәстүрлі және эстрада жанрындағы танымал өнер иелерінің қатысуымен мерекелік концерт өтті. Қала тұрғындары мен қонақтарын Алматы әкімі Дархан Сатыбалды құттықтап, бұл күннің ұлттық рух пен мәдени болмысты бекемдеудегі айрықша маңызын атады.
Оқи отырыңыз: Алматыда Ұлттық домбыра күні ауқымды түрде аталып өтті