Алматыда Көктөбе телемұнарасы мен өзге де маңызды нысандар қызғылт сары түске боялды

30.11.2025 09:41

«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясы басталды

Видеодан кадр

Алматыда «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» атты жаһандық акцияны қолдау мақсатында бірқатар нысандарға жылы қызғылт сары түс берілді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Қазір Көктөбе телемұнарасы, Halyk Bank ғимараты, Тұңғыш Президент саябағы, LED-экрандар және қаланың бірнеше ірі орындары қызғылт сары түспен әрленіп тұр.

Қызғылт сары түс – жылылықтың, үміт пен бірліктің белгісі. Ол әрбір адамның құқығын қорғаудың маңыздылығын және зорлық-зомбылықтың кез келген түріне нөлдік төзімділік қағидатын еске салады.

Бұл – қоғам назарын маңызды мәселеге бұратын көрнекі белгі әрі қиындыққа тап болған адамдарға деген қолдау мен құрметтің нышаны.

Оқи отырыңыз: Алматыда ауаның ластануын төмендету бағытындағы шаралар күшейтіліп жатыр