20 кезекші автокөлік жүріп-тұруы қиын азаматтарға көлік қызметін көрсету үшін ұйымдастырылады
Алматыда 6 қазанда жүріп-тұруы қиын азаматтар үшін қала әкімдігі «Инватакси» қызметін ұсынады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Бұл қызмет арбамен жүретін және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ көру қабілеті нашар азаматтарға қолжетімді.
«Инватакси» қызметіне келесі диспетчерлік қызмет нөмірлері арқылы тапсырыс беруге болады:
Сондай-ақ 6 қазанда 20 кезекші автокөлік жүріп-тұруы қиын азаматтарға көлік қызметін көрсету үшін ұйымдастырылады. Кезекші көліктерге 338-30-09 нөмірі арқылы қоңырау шалуға болады. Осы нөмір арқылы мүгедектігі бар адамдар көрсетілетін қызметтердің сапасы бойынша жүгіне алады.
Оқи отырыңыз: Қазақстандық спортшы Сеулде өтіп жатқан Әлем кубогінде күміс медаль алды