Туризм Алматыдағы табысты салалардың біріне айналып келеді

20.05.2026 12:38
пресс-служба акима Алматы

Алматының туристік саласы қала экономикасының негізгі қозғаушы күштерінің бірі ретіндегі позициясын нығайтып келеді. 2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша туризм саласына тартылған инвестиция көлемі 25,2 млрд теңге болды. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,8%-ға жоғары, - деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Инвестицияның басым бөлігі әуе жолаушылар тасымалын, ойын-сауық индустриясын, демалыс саласын және қалалық мобильділікті дамытуға бағытталған.

Туризм саласынан түсетін салық көлемі де тұрақты өсім көрсетіп отыр. 2026 жылдың алғашқы үш айында жергілікті бюджетке 22 млрд теңге салық түскен. Бұл былтырмен салыстырғанда 10%-ға артық.

Бюджетке ең көп кіріс қоғамдық тамақтану, ойын-сауық, қонақ үй қызметі және жолаушылар тасымалы салаларынан түскен.

Алматы қаласы Туризм басқармасының мәліметінше, оң динамика мегаполистің жоғары инвестициялық тартымдылығын және қаланың туристік инфрақұрылымын дамыту әлеуетінің артып келе жатқанын көрсетеді.

Оқи отырыңыз: Алматы автобус жүргізушілерін бақылауды күшейтпек