Тұрғындар жарық, су сынды әлеуметтік мәселелерден бөлек, рухани-мәдени сауалдарына да жауап алды
Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Түрксіб ауданы тұрғындарын жеке қабылдап, мәселелерін тыңдады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Шаһар басшысы азаматтарды толғандырған сауалдарға түсініктеме беріп, жауапты басқармаларға нақты міндет жүктеді. Сондай-ақ мегаполис әкімі Түрксібтегі түйіні тарқамаған түйткілдерді шешудің мерзімін белгіледі. Тұрғындар жарық, су сынды әлеуметтік мәселелерден бөлек, рухани-мәдени сауалдарына да жауап алды.
«2026 жыл «Желтоқсан» көтерілісіне 40 жыл болады. Әлі де «Желтоқсан» көтерілісіне толық көңіл бөлінбей тұр. Осы мәселені бірлесе отырып, шешу жайында әңгімелер қозғалды. Әкім Ішкі саясат, Мәдениет басқармасына мәселні табыстады», – деді қала тұрғыны Ербол Әбдірешов.
«Нұршашқан ықшамауданында электр жүйесіне, суға қатысты мәселелер бар. Мердігерлер өзіне жүктелген міндетті толық орындамай кеткен. Біз зардап шегіп отырмыз. Осы жағдайды қала әкіміне жеткіздім. Дархан Амангелдіұлы құлақ асып, барлығын қыркүйек айының соңына дейін реттеуге уәде берді», – деді қала тұрғыны Мухаббат Сәби.
Оқи отырыңыз: Алматыда «Қайрат» – «Селтик» матчының жанкүйерлеріне тегін автобустар ұйымдастырылады