Алматыдағы №197 сайлау учаскесінің төрағасы Гүлдана Самаликова учаскедегі дауыс беру барысы туралы айтып берді. Алғашқы сайлаушылар мұнда таңғы сағат 07:00-ден бастап келе бастаған, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
"Дауыс беру белгіленген тәртіпке сай өтіп жатыр. Әр сайлаушыны жылы жүзбен қарсы алып, жайлы көңіл күй қалыптастыруға тырысамыз", — деді ол.
Мектеп аумағында шағын жәрмеңке де ұйымдастыру жоспарланған. Арнайы шатырларда тұрғындарға жаңа піскен нан-тоқаш өнімдері, көкөністер мен жемістер ұсынылады.
Сайлау учаскесінде дауыс беруге барлық қажетті жағдай жасалған. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен арнайы жағдайды қажет ететін өзге де сайлаушылардың сайлау құқығын кедергісіз жүзеге асыруына қажетті мүмкіндік қарастырылған.
Оқи отырыңыз: Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері: Алматының танымал спортшылары сайлауға қатысты