Наурызнаманың жетінші күнінде Ұлттық спорт күні аталып өтеді
Бүгін – Наурызнаманың жетінші күні – Ұлттық спорт күні. Осы айтулы күнге орай Алматы қаласында бірқатар мазмұнды да мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылмақ, деп хабарлайды Almaty.tv.
20 наурыз – Ұлттық спорт күнінде мегаполисте өтетін іс-шаралар:
10:00 – «Спорт – достық алаңы» спорттық іс-шарасы (Тұңғыш Президент саябағы).
10:00 – мектеп оқушылары мен ардагерлер кеңесінің қатысуымен ұлттық спорт түрлерінен жарыстар (Гүлдер саябағы).
10:00 – Наурыз мерекесіне арналған тоғызқұмалақтан ашық қалалық турнир (Ұлттық және ат спорты түрлері бойынша спорт клубы).
10:00 – Наурыз мерекесіне арналған қазақ күресінен қалалық турнир («Астана» алаңы).
10:00 – «Спорт – достық алаңы» жобасы аясындағы бұқаралық спорттық іс-шара (Айнабұлақ дене шынықтыру-сауықтыру кешені).
10:00 – «Наурыз – спорт мерекесі» спорттық іс-шарасы (Кемел дене шынықтыру-сауықтыру кешені).
11:00 – Алматы қаласындағы мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында Наурыз мерекесіне арналған «Асық ату», «Тымақ ұру», «Ләңгі», «Гір тасын көтеру» жарыстары (Орталық мәдениет және демалыс саябағы).
11:00 – «Спорт – достық алаңы» спорт ойындары (Атлеттер ауылы).
Айта кетейік, Алматы қаласында 14 наурыздан бері Наурыз мейрамына арналған ауқымды мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізіліп келеді. Мерекелік бағдарламалар 23 наурызға дейін өтеді. Биыл мерекелік бағдарлама «Наурызнама» тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылып, қала бойынша 200-ден астам іс-шараны қамтиды.
Негізгі мерекелік алаңдар Астана алаңында, Абай алаңында, Жібек жолы даңғылының жүргіншілер бөлігінде және Панфилов көшесінде орналасады.
Аудандағы мерекелік алаңдар:
Мерекелік бағдарламаның негізгі күндері 21-23 наурыз аралығында өтеді. Он күн бойы қала тұрғындары мен қонақтары үшін концерттер, театрландырылған қойылымдар, көрмелер, мәдениет қайраткерлерімен кездесулер, сондай-ақ қазақ халқының салт-дәстүрлері көрсетіледі.
Айта кету керек, қаланың басты алаңдары мен барлық сегіз ауданның мерекелік орындары Наурыз мерекесіне арнайы безендіріледі: киіз үйлер тігіліп, тақырыптық шағын сәулеттік нысандар орнатылады.
Оқи отырыңыз: Наурызнама: бүгін – Ұлттық спорт күні