2026 жылы Алматының нақтыланған бюджеті 2,8 трлн теңге болды

18.02.2026 16:11
Depositphotos

2026 жылға арналған Алматының нақтыланған бюджеті 2 трлн 806,4 млрд теңге көлемінде бекітілді. Бұл туралы қалалық экономика және қаржы басқармасының басшысы Бауыржан Құдайбергенов мәслихаттың кезектен тыс XLII сессиясында мәлімдеді, - деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Оның айтуынша, түзету бюджет қаражатын ішкі қайта бөлу есебінен жүргізілген. Бұл қосымша жобалар жалпы бюджет көлемін арттырмай-ақ қаржыландырылатынын білдіреді. Қаражат қаланың даму басымдықтарын ескере отырып қайта бөлінген.

Биыл қаңтарда қысқа мерзімді экономикалық индикатор индексі 104,2% болды. Өсім құрылыс, өңдеу өнеркәсібі және сауда салалары есебінен қамтамасыз етілді.

2026 жылы жалпы өңірлік өнімнің өсімі 6% деңгейінде болады деп болжанып отыр. Бюджет қаражаты әлеуметтік сала, инфрақұрылым және көлік жүйесін дамытуға бағытталады, — деп сөзін түйіндеді Бауыржан Құдайбергенов.

Оқи отырыңыз: Алматыда жастар саясаты бойынша 2025 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылды