Алматыда Медеу ауданының 6500 оқушысы Бірлік күніне орай бейбітшілік құсы – көгершінді бейнеледі

30.04.2026 10:09
пресс-служба акима Алматы

Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күніне қарсаңында Мұхтар Әуезов атындағы стадионда «Бірлік – бейбітшілік бесігі» атты патриоттық шара ұйымдастырылды. Бұл туралы Медеу ауданы әкімдігінің өкілдері айтты, деп хабарлайды  Almaty.tv

Акция аясында 6500 оқушы бір сапқа тұрып, бейбітшілік көгершінінің бейнесін жасады.

Іс-шара Орталық мәдениет және демалыс саябағы аумағында өтіп, аудан мектептерінің оқушыларын бір мақсатқа жұмылдырды.

«Биіктен көз салғанда 6500 баланың бір бағытта үйлесімді әрекет етуі ерекше қалдырады. Бұл болашағымыздың берік іргетасы қаланып жатқанын көрсетеді. Бір мақсатқа жұмылған балалар мейірім мен өзара құрметтің маңызын нақты іспен дәлелдеді. Патриотизмді күштеп қалыптастыру мүмкін емес, ол жүректен туындауы керек. Бүгін әрбір қатысушы бірліктің тірі белгісін жасаушылардың біріне айналды. Бұл жай ғана флешмоб емес, бұл жас ұрпақтың халықтар достығын сақтауға деген ортақ ұстанымының көрінісі», – деді Медеу аудандық білім бөлімінің басшысы Ақнұр Нұралиева.

Бағдарлама барысында этномәдени бірлестіктер өнер көрсетіп, түрлі халықтың биі ұсынылды.

Іс-шараның басты мақсаты — ұлтаралық келісімді нығайтып, жастар арасында достық пен бірлік құндылықтарын дәріптеу.

Оқи отырыңыз: Алматыда денсаулық сақтау алқасының отырысы өтті