Алматының Наурызбай ауданында Тастыбұлақ өзенінің Сәбденов көшесінен Райымбек даңғылына дейінгі жағалауын көріктендіру жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы Наурызбай ауданы әкімдігінің өкілдері хабарлады, - деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Жоба аясында өзеннің екі жағалауымен жалпы ұзындығы 1,4 шақырым болатын жүргіншілерге арналған серуендеу аймағы салынады.
Сондай-ақ, тұрғындардың серуендеп, демалуына қолайлы қоғамдық кеңістік қалыптастыру көзделген. Аудан әкімдігінің мәліметінше, жоба қаладағы қоғамдық кеңістіктерді дамытуға және қалалық ортаның жайлылығын арттыруға бағытталған.
Оқи отырыңыз: Алматыда көпқабатты тұрғын үйлерді жылыту маусымына дайындауға бақылау күшейтіледі