Алматыда Жандосов көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

11.08.2026 11:01
пресс-служба акима Алматы

Жандосов көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі, - деп хабарлайды Almaty.tv.

11 тамыз сағат 23:00-ден 15 тамыз сағат 23:00-ге дейін қала шекарасынан Дәулеткерей көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы реверсивті қозғалыс ұйымдастырылады. Жол толығымен жабылмайды.

Жүргізушілерден уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарап, жолдағы жылдамдық режимін сақтауды және уақытша орнатылған жол белгілерінің талабын сақтауды сұраймыз.

Жөндеу жұмыстарының аяқталу мерзімі ауа райына және өндірістік қажеттілікке байланысты өзгеруі мүмкін. 

Еске салайық, көлік қозғалысына енгізілетін шектеу туралы барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілердегі парақшаларында, сондай-ақ 2GIS және «Яндекс Карталар» қосымшаларында жарияланады.

Оқи отырыңыз: Алматыда Канье Уэстің концертіне байланысты қоғамдық көліктің 32 бағыты уақытша өзгереді

Толық көрсету