Алматыда әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу үшін өтініш қабылдау басталады

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік кәсіпкер мәртебесі қызметі әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған кәсіпкерлерге беріледі

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардан әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу үшін өтініштер қабылдау басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Әлеуметтік кәсіпкер мәртебесі қызметі әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған кәсіпкерлерге беріледі. Оларға мыналар жатады:

•    халықтың әлеуметтік осал санаттарына жататын азаматтарды жұмыспен қамту;
•    әлеуметтік осал санаттағы қызметкерлер өндірген өнімдерді өткізу;
•    халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған тауарлар өндіру және қызметтер көрсету;
•    қоғамға пайдалы қызметпен айналысу;
•    білім беру және мәдени-ағартушылық қызметті жүзеге асыру.

Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қолдаудың арнайы шаралары қарастырылған. Олардың қатарында 5 млн теңгеге дейінгі мемлекеттік гранттар, үй-жайларды жеңілдетілген шарттармен беру және жеңілдетілген несие беру бар.

Құжаттар 2026 жылы 1 қыркүйектен 15 қыркүйекке дейін қабылданады.

Өтінім беру орны: «Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы» КММ

Мекенжайы: 050040, Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 303, 3-қабат, 302-кабинет.

Байланыс телефоны: +7 775 838 7965

Электрондық пошта: info@almaty.upp.kz

Айта кетерлігі, 2026 жылы 15 қыркүйектен кейін келіп түскен өтінімдер қарауға қабылданбайды. Құжаттар топтамасы толық емес, мәліметтері немесе құжаттары қате болған жағдайда немесе Қағидаларда белгіленген нысандарға сәйкес келмесе, ұйымдастырушы ұсынылған құжаттарды кәсіпкерге қайтарады.

Конкурстық құжаттамамен мына сілтеме арқылы танысуға болады: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2300033105

Оқи отырыңыз: Ауылдық аумақтарды дамыту: қолжетімді қаржыландырудан бастап инфрақұрылымды жаңғыртуға дейін