Алматыда қауіпті су айдыны анықталды

04.05.2026 17:04
пресс-служба акима Алматы

Алматы мен қала маңындағы тау бөктерінде 44 су айдыны бар, олардың кейбірінде шомылуға болмайды. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР ТЖМ «Барыс» жедел-құтқару жасағының сүңгуір-құтқару бөлімшесінің басшысы Андрей Быбченко осылай деді, деп хабарлайды  Almaty.tv

«Алматы мен тау бөктерінде 44 су айдыны бар, оның 11-і қауіпті санатқа жатады. Бұл жылда оқыс оқиға тіркелетін ең қауіпті жерлер», — дейді ҚР ТЖМ «Барыс» РЖҚЖ сүңгуір-құтқару бөлімінің басшысы Андрей Быбченко.

Шомылу маусымы 1 маусымда басталады. Тек арнайы жабдықталған жағажайда, бассейн мен қауіпсіздік талабы сақталған демалыс орнында ғана суға түсуге болады. Ондай жерде құтқару құралдары, ескерту белгісі болады.   «Гүлдер» демалыс аймағына су толтырып, аумақ белгіленген нормаға сәйкес болғаннан кейін барып қана шомылуға рұқсат беріледі.

Құтқарушылар жұрт жиі жіберетін қателікке де назар аударды. Көп адам ескерту белгісін елемейді, тау өзенінің ағысына қарамайды, тайып кетіп, жарақат алып, жабдықталмаған жерде барып суға түседі. Маңайда құтқарушының болмауы, тауда күн райының күрт өзгеруі де қауіп тудырады.

«Көбіне оқыс жағдай қарапайым қауіпсіздік ережесін білмеуден болады. Жұрт су айдынының ерекшелігін ескермейді, тау өзеніне суға түседі, тайып кетіп, ағыс алып кетеді. Оған қоса күн райы да әсер етеді: қалада күн ашық болса, тауда жаңбыр жауып, тіпті қар түсуі мүмкін. Жанында құтқарушылар болмаса, дер кезінде көмек көрсету қиын», — дейді Андрей Быбченко.

Құтқарушы төтенше жағдайда қалай әрекет ету керектігін де түсіндірді.

«Егер адам суға батып бара жатқанын көрсеңіз, ең бастысы — үрейге берілмеңіз. Өз бетіңізше көмектесе алмасаңыз, дереу жедел қызметті шақырып, айғайлап көмекке шақырып, айналадағы адамдарды тарту керек. Оқиға орнынан кетпей, нақты ақпарат берген дұрыс», — деп қосты ол.

Жалпы ұлттық паркте кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр: маршруттарды инспекторлар бақылауда ұстайды, туристерге түсіндіреді жағдайды, ақпараттық белгілер мен көрсеткіштер де орнатылып, жедел қызметтермен бірлесіп жұмыс істеу жағы да жолға қойылған. Қауіпті учаскелерде  тыйым салатын 98 белгі мен 50 ескерту жазуын да әлден орнатып қойыпты. 
 
Қосымша жеті қауіпті жерде жағдайды нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік беретін интеллектуалды бейнебақылау камералары орнатылған. Сондай-ақ мектеп оқушыларына арналған сабақтар өткізіп, мектептерде, сауда орталықтарында, ХҚКО-ларда, метрополитенде және қаланың көшедегі экрандарында қауіпсіздік туралы бейнероликтер көрсетіліп жатыр.

Құтқарушылар рұқсат етілген орындардың өзінде де қауіпсіздік ережесін сақтап, суға түсуге арналмаған жерлерге жоламау керектігін айтып отыр.

Оқи отырыңыз: Алматыда Алматы студенттік лигасының маусымы қорытындыланды