Алматыда 2-ші Гончарная көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

21.07.2026 15:38
пресс-служба акима Алматы

Алматының Жетісу ауданында алдағы жылыту маусымына дайындық аясында 1996 жылы пайдалануға берілген ұзындығы шамамен 340 метр жылу желісі жаңғыртылады. Бұл туралы «Алматы жылу желілері» ЖШС өкілдері хабарлады, - деп хабарлайды  Аlmaty.tv 

Осыған байланысты 2026 жылы 23 шілдеден бастап 2-ші Гончарная көшесінде, Қалалық фтизиопульмонология орталығынан Райымбек даңғылы, 223е/4 үйіне дейінгі аралықта автокөлік қозғалысы уақытша шектеледі. 

Шектеу жол астындағы құбыр учаскесін жоспарлы жаңғырту жұмыстарын қауіпсіз жүргізу мақсатында енгізіліп отыр.

Қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілетін кезеңде тұтынушыларға ыстық су беру тоқтатылмайды.

Қала тұрғындары мен жүргізушілерден уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды сұраймыз.

Оқи отырыңыз: Алматының Әлеуметтік қызметтер үйінде жыл басынан бері 47 мыңнан астам қызмет көрсетілді