Алматыда Халықаралық әйелдер күнін атап өтуге дайындық аясында гүл сатуға арналған арнайы сауда орындары белгіленді. Бұл туралы қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының өкілдері хабарлады, - деп хабарлайды Аlmaty.tv.
2004 жылы 12 сәуірдегі №544-II «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және аудан әкімдіктерінің ұсыныстары ескеріле отырып, қала бойынша гүл өнімдерін сатуға арналған 1150 сауда орны анықталды.
Гүл саудасы 6-8 наурыз аралығында қала аумағындағы арнайы бөлінген алаңдарда ұйымдастырылады.
Сауда орнын алу үшін кәсіпкерлер жоспарланған сауда орны орналасқан аудан әкімдігіне өтінішпен жүгінуі қажет. Бос орын болған жағдайда кәсіпкерге гүл сатуға рұқсат беретін құжат — меморандум рәсімделеді.
Басқарма өкілдерінің айтуынша, арнайы белгіленген орындардан тыс жерде өз бетінше сауда жасауға болмайды. Осыған байланысты кәсіпкерлерден белгіленген талаптарды сақтап, сауданы тек ресми айқындалған сауда орындарында жүргізу сұралады.
Алматы қаласы аудан әкімдіктерінің байланыс деректері:
Оқи отырыңыз: Алматылық спортшы қыздар әйелдер күресінен Қазақстан чемпионатында табысты өнер көрсетті