Алматыда "Экологиядағы инклюзия – жаңажылдық ғажайып" акциясы жалғасып жатыр

12.12.2024 11:00

Акция аясында қала тұрғындары мен компаниялар қайта өңделген пластиктен жасалған шырша ойыншықтары мен жаңа жылдық әшекейлерді сатып ала алады

Пресс-служба акима города Алматы

Жалпы республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Алматыда 28 қарашадан бастап ерекше экологиялық бастама – «Экологиядағы инклюзия – Жаңа жылдық ғажайып» жобасы жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Almaty.tv.

Акция аясында қала тұрғындары мен компаниялар қайта өңделген пластиктен жасалған шырша ойыншықтары мен жаңа жылдық әшекейлерді сатып ала алады. Бұл өнімдерді ерекше қажеттілігі бар балалар жасаған.

Жобаға қазірдің өзінде Болат Өтемұратов қоры, Рамс компаниясы, Еуразиялық банк, Алмалы холдингі және басқа да қоғамдық қорлар мен компаниялар қатысуда. Барлық ойыншық эко-тренерлердің жетекшілігімен шығармашылық шеберлік дәрістерінде жасалады. Балалар материалдармен жұмыс істеуді ғана емес, сонымен қатар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға үлес қосады.

«Балаларға мерекенің маңызды бөлігі екенін сезінуге мүмкіндік бергіміз келеді. Олардың еңбегі бағаланады, өз қолымен керемет нәрсе жасай алатынына сенеді. Егер бала өзінің ойыншығын қаладағы шыршадан немесе дүкен сөресінен көрсе, бұл оған үлкен шабыт пен қуаныш сыйлайды», - деді жобаның бастамашысы Евгений Мұхамеджанов.

Мүше компаниялар кеңселеріне, сөрелеріне немесе жаңа жылдық корпоративтік сыйлықтарын безендіру үшін ерекше әшекейлерге тапсырыс бере алады. Эко-Хаб кез келген адамды акцияға қосылуға шақырады, ал мереке аяқталған соң ойыншықтарды қайта өңдеуге өткізуге болады, осылайша материалды пайдаға асыруға болады. 

Еске салайық, Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы елді мекендер аумағын көріктендіруге және көгалдандыруға бағытталған. Бағдарламаның басты мақсаты – табиғатқа ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, азаматтық жауапкершілікті арттыру және халықтың экологиялық мәдениетін дамыту. 

Оқи отырыңыз: Алматы әкімдігі 2024 жылы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі көрсеткішті жақсартты