Алматыда орташа жөндеу жұмыстары 300 км жолды қамтиды
Алматы қалалық мобильділік басқармасының мәліметінше, биыл қалада шамамен 300 км жолға, 30 км жаяу жүргіншілер жолына орташа жөндеу жүргізу, сондай-ақ 35 км жаңа жол салу жоспарланған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жас Қанат, Шұғыла, Әлмерек, Ақжар, Рахат, Мәдениет және Боралдай шағын ауданы сынды қалаға қосылған аумақтарда жаңа жол салу 70 мыңнан астам тұрғынға көлік қатынасын едәуір жақсартуға мүмкіндік береді.
Бұл жұмыстар қаладағы сапалы жолдардың үлесін 2024 жылы 92%-дан 2025 жылы 95%-ға дейін арттыруға септігін тигізеді.
Еске салайық, былтыр Алматыда ұзындығы 250 км болатын 255 көше жөнделіп, 25 км жаңа жол салынды, Құлжа тас жолы 6 жолаққа дейін кеңейтіліп, Саин – Мөңке би жолайырығында қозғалыс ашылған болатын.
Оқи отырыңыз: Алматыда 2025 жылы қай жолайырықты салу мен көшелерді ұзарту аяқталады