Алматыда Үшкемпіров көшесінің аумағында орташа жөндеу жұмыстары жалғасуда

19.08.2026 12:44
пресс-служба акима Алматы

Жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Алаша көшесінен әл-Фараби даңғылына дейінгі учаскеде көлік қозғалысы уақытша шектелді, - деп хабарлайды Almaty.tv.

Аталған аумақтарда тығыз қиыршық тас-мастикалық асфальт-бетон қоспасынан жол жабынының жоғарғы қабатын төсеу жұмыстары жүргізіледі.

Көлік қозғалысын 20 тамыз сағат 20:00-де ашу жоспарланып отыр. Жөндеу жұмыстарының мерзімі ауа райына немесе өндірістік қажеттілікке байланысты өзгеруі мүмкін.

Жол қозғалысына қатысушылардан уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарап, орнатылған жол белгілерінің талабын сақтауды және балама бағыттарды алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Оқи отырыңыз: Алматыдағы жатақхана орындарының тапшылығы 4 есеге қысқарды

Толық көрсету