Алматыда кеңейтілген ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

24.10.2024 17:50

Жәрмеңкеге Абай және Жетiсу облыстарының фермерлері қатысады

Almaty.tv

26-27 қазанда сағат 08.00-ден 17.00-ге дейін Алматы қаласында кеңейтілген ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Жәрмеңкеге Абай мен Жетiсу облыстары ауылшаруашылық өндірушілері мен фермерлер қатысады.

Жәрмеңкеге 50-ден астам өнім түрлері (ет және сүт, жеміс-көкөніс, шұжық өнімдері, ұн, жарма, өсімдік және жануар майлары және т.б.) қойылады.

Өнімнің жалпы көлемі 350 тонна құрайды, оның ішінде:

  • Ет өнімі – 80 тонна;
  • Жеміс-көкөніс өнімі – 120 тонна;
  • Сүт өнімі – 50 тонна;
  • Балық өнімдері – 5 тонна;
  • Өзге өнімдер – 95 тонна.

Жәрмеңке өтетін орын: Алматы қаласы, Сәтбаев көшесінің бойымен Уалиханов көшесі мен Достық даңғылы аралығында.

Осыған байланысты Алматы әкімдігі көлік иелеріне ескерту жасады.

«Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізуге байланысты Сәтбаев көшесінің Уәлиханов көшесінен Достық даңғылына дейінгі бөлігінде 25 қазан сағат 13:00-ден 27 қазан 20:00-ге дейін жабылады.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және маршрутыңызды алдын ала реттеуіңізді сұраймыз.

Жәрмеңкені өткізу кезінде №45, №95 және №121 бағыттардың сызбалары өзгереді. Жабылатын учаскені айналып өту Абай даңғылы бойынша жүргізілетін болады», - делінген әкімдік хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Алматының Жетісу ауданында 500 оқушы Әнұранды шырқады