25 сәуір күні Алматыдағы «Асыл Арман» тұрғын үй кешенінің аумағында «Жасыл бастау» атты экологиялық акция өтеді. Бұл туралы «Eco Almaty» ЖШС өкілдері хабарлады, - деп хабарлайды Аlmaty.tv.
«Ecosen» ЖШС-мен бірлесіп ұйымдастырылған іс-шара қалдықтарды бөлек жинау мәдениетін дамытуға және қоршаған ортаға түсетін салмақты азайтуға бағытталған.
Акция барысында тұрғындар пластик, қағаз, шыны, алюминий және ескі электронды құрылғыларды тапсыра алады. Сонымен қатар сынапты шамдар мен арнайы жоюды қажет ететін басқа да қауіпті қалдықтар қабылданады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар полигондарға түсетін қоқыс көлемін азайтып, халықтың экологиялық жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.
«Қала тұрғындары мен қонақтарын экологиялық акцияға қатысуға шақырамыз», – деді ұйымдастырушылар.
Акция сағат 12:00-ден 16:00-ге дейін өтеді.
Оқи отырыңыз: Бала қауіпсіздігі: Дархан Сатыбалды білім ордаларындағы қауіпсіздікті күшейтуді тапсырды