Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай жалпықалалық сенбілік өтеді

22.05.2026 16:58
Depositphotos

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында 23 мамыр күні Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылады. Бұл туралы қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту және тұрғын үй инспекциясы басқармасының өкілдері хабарлады, - деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Іс-шараның негізгі өткізу орны ретінде Медеу ауданындағы Мақатаев – Райымбек – Пушкин – Жетісу көшелерінің аралығы белгіленді.

Сенбілікке қоғамдық және жастар ұйымдарының өкілдері, заңды тұлғалар, білім беру ұйымдары (мектептер, колледждер, жоғары оқу орындары), мәдениет мекемелері, еріктілер ұйымдары, блогерлер қауымдастығы, сондай-ақ қала тұрғындары, ПИК және МИБ өкілдері қатысады.

Қатысушылар күрек, қолғап, қоқыс жинауға арналған қап сынды қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі. 

Сонымен қатар мынадай іс-шаралар жоспарланған:
•    қатысушыларды сенбілік өтетін жерге тегін жеткізу;
•    мәдени-ойын-сауық бағдарламасы;
•    ауыз су мен тамақ беру;
•    биоәжетханалар орнату.

Жалпықалалық акцияға Алматының аудандық әкімдіктері де қосылып, қоғамдық ұйымдар мен коммуналдық қызметтердің қатысуымен келесі аумақтарда тазалық жұмыстарын ұйымдастырады:

1.    Алатау ауданы – Шаңырақ-2 шағынауданы (Мәмбетов көшесі, ҮАК бойы, Жылысай, Өтемісов көшелері аралығы);
2.    Алмалы ауданы – Байсейітова саябағы (Абылай хан, Шевченко, Панфилов, Құрманғазы көшелері аралығы);
3.    Әуезов ауданы – 7, 8 және 9-шағынаудандар аумағы;
4.    Бостандық ауданы – Исиналиев көшесі, Қазақфильм шағынауданы;
5.    Жетісу ауданы – Азовская көшесі, 18;
6.    Наурызбай ауданы – Құлыбеков көшесі Әшімов көшесінен Қосынов көшесіне дейін;
7.    Түрксіб ауданы – Құлжа күре жолы қала шекарасынан Бұқтырма көшесіне дейін.

Сенбіліктің мақсаты — тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру, қалалық ортаны көріктендіру және қала тазалығы мен санитарлық жағдайын сақтауға қоғам назарын аудару.

Оқи отырыңыз: Алматыда Баум тоғайын ауқымды көріктендіру жұмыстары аяқталды