Алматыда «Гүлденген мегаполис» атты көрме өтеді

Depositphotos
Depositphotos
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы А.П. Чехов атындағы Орталық қалалық кітапханада 30 сәуір күні Алматы кітапханалары мен «ByArT» көркем студиясы ұйымдастырған «Гүлденген мегаполис» атты қалалық көрме өтеді. Іс-шара аясында қалалық сурет байқауының жеңімпаздары марапатталып, үздік жұмыстарға шолу жасалады., - деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпақтың шығармашылық әлеуетін ашу, балалар шығармашылығын қолдау және жас таланттарды анықтау.

Көрмеге София Магариллдің немересі Ариэль Борщевский және оның отбасы қатысады.

Байқау сәуір айының басында жарияланып, жұмыстарды қабылдау 23 сәуірде аяқталды. Барлығы 109 жұмыс келіп түсті, олардың ішінен көрмеге қатысу үшін 70 үздік туынды іріктеліп алынды. Таңдалған жұмыстар қаланың көрікті жерлерінің әсемдігін бейнелеуге арналған.

Көрме барысында келушілер жас суретшілердің еңбектерімен таныса алады. 

Байқау жеңімпаздары мен қатысушылары дипломдармен марапатталады.

Күні мен уақыты: 30 сәуір 2026 ж., сағ. 11:00
Өтетін орны: А. Чехов атындағы Орталық қалалық кітапхана
(Гоголь к-сі, 109)

Оқи отырыңыз: Ғылым мен спорт ұштасқан күн: Алматыда аңызға айналған чемпиондар бас қосты

Новости партнеров