Алматыда Infinity Chess Cup Almaty 2026 инклюзивті шахмат турнирі өтті

03.10.2026 12:30

Турнир қатысушыларға шеберлігін көрсетуге, тәжірибе жинауға және бәсекелі ортада ойнауға мүмкіндік берді

пресс-служба акима города Алматы

Алматыда Infinity Chess Cup Almaty 2026 инклюзивті шахмат турнирі өтті. Жарысқа есту және көру қабілеті бұзылған, сондай-ақ тірек-қимыл аппараты зақымданған шахматшылар қатысты, - деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы Алматының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері хабарлады.

Сайыс швейцариялық жүйе бойынша жеті турдан тұрды. Ойын нәтижелері рейтинг есептеу кезінде ескерілді. Жалпы жүлде қоры 1 млн теңге.

Жарысқа тәжірибесі мен дайындық деңгейі әртүрлі шахматшылар қатысып, өзара бақ сынады. Турнир қатысушыларға шеберлігін көрсетуге, тәжірибе жинауға және бәсекелі ортада ойнауға мүмкіндік берді

 

Толық көрсету