Алматыда шаруашылық қосалқы нысан сүрілді

03.02.2026 15:38
пресс-служба акима Алматы

Заңсыз салынған қосалқы нысан Нұр Алатау шағынауданындағы Өтегенов көшесі, 15/1 мекенжайында орналасқан. Бұл туралы Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасының өкілдері айтты, - деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Басқарма бұған дейін рұқсат құжаттарының толық болмауына байланысты меншік иесіне әкімшілік шара қолданып, бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берген болатын.

2025 жылы 21 сәуірде Алматының Бостандық аудандық сотына қосалқы нысанды бұзу туралы талап-арыз берілген еді. Былтыр 25 тамызда басқарманың талап-арызы толық  қанағаттандырылды.

Бүгін қаланың Әділет департаменті сот орындаушыларының қатысуымен нысан бұзыла басталды.

Оқи отырыңыз: Алматы №4 қалалық клиникалық аурухананың дәрігерлері 97 жастағы науқасты ауыр жарақаттан кейін қайта аяққа тұрғызды