Алматыда заңсыз сауда нысандары сүрілді

03.04.2026 16:17
пресс-служба акима Алматы

Алматыда Розыбакиев көшесі, 53 мекенжайында рұқсатсыз салынған тұрғын емес нысанға қосалқы құрылыс анықталды. Бұл туралы Қала құрылысы бақылау басқармасының өкілдері хабарлады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Басқарма инспекторлары жүргізген түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде нысан иесі өз еркімен бұзу туралы шешім қабылдады. Заңсыз салынған құрылыс толықтай өз күшімен сүрілді.

Қала құрылысы бақылау басқармасының мәліметінше, қала әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, заңсыз құрылыс фактілерін анықтау және оның жолын кесу жұмыстары күшейтілген.

Оқи отырыңыз: Алматыда «Көлігіңіздің шығарындысын тексеріңіз» акциясы өтеді