Қала құрылысын бақылау басқармасы өкілдерінің айтуынша, Сейфуллин даңғылы, 553/1 мекенжайында орналасқан ғимарат сүрілді, - деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Аталған нысан басқарма инспекторлары тарапынан қала құрылысы заңнамасының сақталуына жүргізілген бақылау барысында анықталған.
Инспекторлар атқарған түсіндіру жұмысының нәтижесінде меншік иесі нысанды өз еркімен бұзу туралы шешім қабылдады.
Ғимаратты бұзу жұмыстары меншік иесінің күшімен, мәжбүрлеу шараларын қолданбай жүзеге асырылды.
Оқи отырыңыз: Алматы спорт қауымдастығы жаңа Конституция жобасын қолдады