Алматыда кезекті заңсыз нысан сүрілді

18.06.2026 15:57
пресс-служба акима Алматы

Алматы қаласының Қала құрылысын бақылау басқармасы өкілдерінің мәліметінше, Диваев көшесі, 21/1 мекенжайында орналасқан дүкен сүрілді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Жоспардан тыс тексеру барысында нысанның меншік иесі тарапынан жобалық-сметалық құжаттамасыз, сараптама қорытындысынсыз, сондай-ақ авторлық және техникалық қадағалаусыз салынғаны анықталды.

Аталған заңбұзушылықтарға байланысты меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданып, анықталған кемшіліктерді жою туралы нұсқама берілді.

Нұсқама талаптарын орындау мақсатында қазіргі уақытта заңсыз салынған нысан меншік иесінің күшімен толықтай бұзылды.

Оқи отырыңыз: Алматыда Достық даңғылының, Зенков және Атамекен көшелерінің жекелеген учаскелерінде біржақты қозғалыс енгізіледі