Алматыда заңсыз салынған тағы бір ТЖО бұзылды

31.10.2024 17:35

Заңбұзушылық жоспардан тыс тексеру барысында

Almaty.tv

Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасы Розыбакиев көшесі, 63 мекенжайында орналасқан ірі техникалық қызмет көрсету орталығын бұзу туралы хабарлады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бұған дейін жоспардан тыс тексеру барысында басқарма «АҚЖОЛ» ЖШС иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылдап, анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берген болатын.

"Алайда нұсқама талаптары орындалмағандықтан, осы жылдың 13 қыркүйегінде басқарма Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына нысанды бұзу туралы талап-арыз жіберді", - делінген басқарма хабарламасында.

Сот процесі аяқталмаса да, нысанның иесі нысанды өз еркімен бұза бастады.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың құрылыс бақылауын күшейту тапсырмасы аясында өткен жылдан бері қалада 49 заңсыз нысан, оның ішінде «Мечта», KHAN, «Алма Гарден» тұрғын үй кешендері және басқа да құрылыстар толық немесе жартылай бұзылды.

Оқи отырыңыз: Маңызды алаң: Алматыда арнайы педагогтарға арналған республикалық форум өтеді