Алматыда «ЭКСТРИМ» цирктік шоуы көрерменге жол тартты

22.04.2026 09:44
пресс-служба акима Алматы

Қазақ мемлекеттік циркі алаңында «ЭКСТРИМ» цирктік шоуының гастрольдері өтіп жатыр. Бұл туралы Алматы қаласы Мәдениет басқармасының өкілдері хабарлады, - деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Қойылымдар 1 маусымға дейін жалғасады.

Бағдарламаға әлемнің әр түкпірінен келген артистер қатысып, экстремалды трюктер, акробатикалық қойылымдар және заманауи цирк өнерінің үздік элементтері ұсынылады.

Көрермендерді металл шар ішінде өнер көрсететін мото-каскадерлердің әсерлі шоуы, цирк күмбезі астындағы мото-секірулер, әуе гимнастарының шеберлігі, сондай-ақ үйретілген жануарлар қатысатын нөмірлер күтеді. Бұдан бөлек, сайқымазақтардың көңілді қойылымдары мен «Батылдық дөңгелегі» аттракционы да бар.

Айта кетейік, бұл гастрольдер қаланың мәдени өмірін жандандырып қана қоймай, Алматы тұрғындары мен қонақтарының уақытын мәнді әрі қызықты өткізуіне жаңа мүмкіндіктер ұсынады.

Оқи отырыңыз: «Жаңа ғасыр» театрына Асанәлі Әшімұлының есімі беріліп, «Үздік логотип» байқауы жарияланды