Алматыда Республика күніне орай Мемлекеттік Ту көтерілді

25.10.2026 12:25

Салтанатты рәсімге барлығы 1 500-ден астам адам жиналды

Алматыда «Медеу» биік таулы мұз айдынының алаңында Республика күніне орай Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеру салтанатты рәсімі өтті, - деп хабарлайды Almaty.tv. 

Іс-шараға қала әкімі Дархан Сатыбалды, қоғам және мәдениет қайраткерлері, Қазақстан Халық Кеңесі мен Қоғамдық кеңес мүшелері, үкіметтік емес және жастар ұйымдарының өкілдері, танымал спортшылар, сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтары қатысты. Салтанатты рәсімге барлығы 1 500-ден астам адам жиналды.

Мемлекеттік Туды көтеру рәсімі әскери үрмелі аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаумен жалғасты. Ту тұғырының биіктігі – 40 метр, ал тудың өлшемі – 7х14 метр.

Республика күні қарсаңында Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан мемлекеттік наградаларды табыстады. Марапатталғандардың қатарында еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына зор үлес қосқан алматылықтар бар.

Сонымен қатар Республика сарайында Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті.

Оқи отырыңыз: Алматыда Республика күніне орай «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары өтіп жатыр

Толық көрсету