Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Шемякин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

28.04.2026 12:23
Depositphotos

Шемякин көшесінің бір учаскесінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, - деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Атап айтқанда, 28 сәуір сағат 22:00-ден 29 сәуір сағат 06:00-ге дейін Рысқұлов даңғылынан Даналық көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс толық жабылады.

Жөндеу жүргізілетін аумақта ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс дерегі көрсетілген ақпараттық тақта орнатылады. Қала тұрғындары мен қонақтарынан бағытын алдын ала жоспарлау сұралады.

Еске салайық, қозғалысқа енгізілетін барлық шектеу туралы ақпарат @AlmatyJoly Telegram-арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS және «Яндекс карталар» қосымшаларында жарияланады.

Оқи отырыңыз: Алматыда майдангерлердің құрметіне көрме өтті