Алматыда Ж. Үшкемпіров көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

26.05.2026 16:17
Depositphotos

Ж. Үшкемпіров көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Атап айтқанда, 26 мамыр сағат 23:00-ден 27 мамыр сағат 06:00-ге дейін әл-Фараби даңғылынан 5-тұйық көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс толық жабылады.

Сонымен қатар, 28 мамыр сағат 23:00-ден 29 мамыр сағат 06:00-ге дейін де әл-Фараби даңғылынан 5-тұйық көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы шектеледі.

Жөндеу жүргізіліп жатқан аумақтарда мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты көрсетілген ескерту белгілері мен ақпараттық стендтер орнатылады. Тұрғындардан бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Еске салайық, жол қозғалысына енгізілетін шектеулер туралы барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS және «Яндекс Карталар» сервистерінде жарияланады.

Оқи отырыңыз: Алматыда жол қозғалысын ұйымдастыруға арналған жаңа шешім енгізіліп жатыр