Алматыда Абай даңғылының бір бөлігінде қозғалыс жөндеуге байланысты ішінара шектеледі

24.08.2026 15:15
пресс-служба акима Алматы

Абай даңғылының бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі, - деп хабарлайды Almaty.tv.

24 тамыз сағат 21:00-ден 1 қыркүйекке дейін Саин көшесінен Момышұлы көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы ішінара шектеледі. Жөндеу жұмыстары жолды толық жаппай, бірнеше жолақта кезең-кезеңімен жүргізіледі.

Жөндеу жүргізіліп жатқан учаскеде ескерту белгілері және мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты көрсетілген тақта орнатылады. Жол жүру бағытыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Еске саламыз, көлік қозғалысына қатысты барлық шектеу туралы ақпарат Telegram желісіндегі @AlmatyJoly арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS және «Яндекс Карталар» сервистерінде жарияланады.

Оқи отырыңыз: Құрылтай депутаттарының сайлауы күні Алматыда 60 сәби дүниеге келді

Толық көрсету