Алматыда Майлин көшесінің бір бөлігінде жөндеуге байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі

21.08.2026 12:43
пресс-служба акима Алматы

Майлин көшесінің бір бөлігінде жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі, - деп хабарлайды Almaty.tv.

21 тамыз сағат 20:00-ден 24 тамыз сағат 08:00-ге дейін қозғалыс №9 үйден Тбилиси көшесіне дейінгі аралықта шектеледі. Жөндеу жұмыстары көшенің батыс бөлігінде жүргізіледі, ал қарама-қарсы бағытта реверсивті көлік қозғалысы ұйымдастырылады.

Жол қозғалысына қатысушылардан уақытша қойылған жол белгілерінің талаптарын қатаң сақтап, бағытын алдын ала жоспарлау сұралады.

Еске саламыз, көлік қозғалысына енгізілетін шектеулер туралы барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ, 2GIS және «Яндекс карталар» сервистерінде жарияланады.

Оқи отырыңыз: Алматыны таңдау біріктіреді: қала тұрғындарын сайлауға қатысуға шақырды

Толық көрсету