Алматыда жексенбі күні Gran Fondo World Championship жарысына байланысты Әл-Фараби даңғылында көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Фото: Федерация велоспорта Алматы
Фото: Федерация велоспорта Алматы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

16 тамызда Алматыда әуесқойлар мен ардагерлер арасында велоспорттан Gran Fondo World Championship әлем чемпионатының өтуіне байланысты Әл-Фараби даңғылының кей жерінде көлік қозғалысының сызбасы уақытша өзгереді. Бұл туралы қалалық Спорт басқармасының өкілдері айтты, - деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Сағат 05:30-дан 06:40-қа дейін әл-Фараби даңғылының Достық даңғылынан Талғар тас жолына дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

Сағат 05:30-дан 10:30-ға дейін Достық даңғылынан Науаи көшесіне дейінгі бөлікте көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

Бұл шаралар жарысқа қатысушылар мен жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізіледі. Жүргізушілерден өзгерістерді ескеріп, жол жүру бағытын алдын ала жоспарлау сұралады.

Еске салайық, 16 тамызда Алматыда Gran Fondo World Championship өтеді. Жарысқа 20-дан астам елден 1000-ға жуық әуесқой спортшы қатыспақ. Қатысушылар үшін 95, 50 және 37 шақырымдық қашықтық бойынша сынға түседі.

Жарыстың сөресі мен мәресі әл-Фараби даңғылы, 40 мекенжайында, Halyk Bank ғимаратының маңында орналасады.

Оқи отырыңыз: Сегіз алтын және бірінші орын: Алматы IV Спартакиадада көш бастады