Алматыда алғаш рет ұлттық киімдерде мұз айдынында мерекелік сырғанау өтеді

17.03.2026 11:41
Depositphotos

Алматыда алғаш рет ұлттық киіммен мұз айдынында жаппай сырғанау өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сіздерді «Алматы Арена», «Халық Арена» және «Олимпик» мұз ареналарында өтетін мерекелік іс-шараға шақырамыз.

18 наурыз күні сағат 16:00-ден 20:00-ге дейін келушілер үшін тегін жаппай сырғанау ұйымдастырылады.

Қатысудың басты шарты — ұлттық киім киіп келу.

Конькиді өзіңізбен бірге алып келуге немесе сол жерде жалға алуға болады.

Кешті достарыңызбен және отбасыңызбен бірге мұз үстінде сырғанап, ерекше мерекелік атмосферада өткізіңіз!

Ұйымдастырушы — Алматы қаласының Спорт басқармасы.

Оқи отырыңыз: Наурызға арналған мерекелік жеңілдіктер: Алматыда «Nauryz Sale» науқаны өтіп жатыр