Алматыда тамақтану орындарында экологиялық норма заңнамалық тұрғыдан реттеледі

Almaty.tv
Almaty.tv

2024 жылы қала әкімдігінің бастамасымен Экологиялық кодекске және Алматының ерекше мәртебесі туралы Заңға өзгерістер енгізілді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесуде Алматы әкімі Ерболат Досаев жұмыс істеп жатқан кафелерден шыққан түтінге қатысты тұрғындардың шағымы қалай шешілетінін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кездесу барысында атап өтілгендей, 2024 жылы қала әкімдігінің бастамасымен Экологиялық кодекске және Алматының ерекше мәртебесі туралы Заңға өзгерістер енгізілді. Енді қала Мәслихатына Алматыда атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі қағидаларды қабылдау бойынша құзыреттер берілді, онда ауаны тазарту деңгейі жоғары және пайдаланылатын отынның зиянды заттарын ұстап қалатын гидрофильтрлерді  мангалдарға орнату қажеттілігі бойынша нақты талаптар жазылатын болады. 

«Мен уәде еткенімдей, біз заңды түрде жұмыс жасадық. Енді Мәслихатпен бірлесіп,  біз қажетті шешім қабылдасақ, бұл ережелер бекітілетін болады. Олар Алматы аумағында міндетті болады, бірақ  Кәсіпкерлік кодекске қатысты бір мәселе бар. Біз бір жағынан заңмен қатаң қорғалатын кәсіпкерлік қызметті шектемеу және кәсіпкерлер тек экологиямен ғана емес, сонымен қатар санитарлық-эпидемиологиялық қадағалаумен де байланысты барлық қажетті талаптарды сақтаулары үшін жұмыс істеуге тырысамыз, өйткені бұл қала тұрғындарының денсаулығына әсер етеді», - деп атап өтті әкім. 

Бұрындары қаланың бірнеше ауданының тұрғындары Ерболат Досаевтан осындай мекемелердің иелерін жазалауды сұраған еді.

Оқи отырыңыз: Алматыда психологтар мен дефектологтарды даярлау бағдарламасы енгізіледі

Новости партнеров