Алматының Әуезов ауданындағы кәсіпкерлік нысандарына қандай талаптар қойылады

15.06.2026 09:30
Depositphotos

Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімдігінде атмосфералық ауаны қорғау қағидаларын сақтау және шағын және орта бизнес нысандарынан шығатын зиянды заттар көлемін азайту мәселесі бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Іс-шараға аудан әкімдігінің өкілдері, «Eco Almaty» ЖШС мамандары, кәсіпкерлер және қызметі атмосфералық ауаның сапасына әсер ететін нысандардың басшылары қатысты.

Кеңес барысында Әуезов ауданы аумағында қоғамдық тамақтану орындары, техникалық қызмет көрсету бекеттері мен коммерциялық моншаларды қоса алғанда 289 нысан орналасқаны атап өтілді.

Атмосфералық ауаны қорғау қағидаларын іске асыру аясында жыл басынан бері шағын және орта бизнеске тиесілі 289 нысанға тексеру жүргізілді. Оның ішінде 142 қоғамдық тамақтану орны, 110 техникалық қызмет көрсету бекеті және 37 монша кешені қамтылды.

Тексеру нәтижесінде 107 нысанның немесе жалпы санының 42,6%-ының қатты отынды пайдалануды жалғастырып отырғаны анықталды. Олардың қатарында 80 қоғамдық тамақтану орны, 19 техникалық қызмет көрсету станциясы және 8 монша кешені бар.

Кеңеске қатысушыларға атмосфералық ауаны қорғаудың жаңа қағидаларының талаптары, сондай-ақ экологиялық тұрғыдан таза отын түрлеріне кезең-кезеңімен көшу және шығарындыларды тазарту жүйелерін енгізу қажеттігі түсіндірілді.

Бұл бағыттағы жұмыстар қазірдің өзінде жүргізіліп жатқаны атап өтілді. Бүгінгі таңда тексеруден өткен шағын және орта бизнес нысандарының бесеуі шығарындыларды тазарту жүйелерін орнатқан.

Экологиялық талаптардың сақталуына мониторинг тұрақты негізде жалғасады. Атқарылып жатқан жұмыстың негізгі мақсаты – ластаушы заттар шығарындыларын азайтып, қаланың тұрғын аудандарындағы атмосфералық ауаның сапасын жақсарту.

Оқи отырыңыз: Алматыда Түркі мемлекеттері ұйымының халықаралық жастар лагерінің жабылу рәсімі өтті