Алматы қаласының «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында» шығармашылық жұмыстар мен қолөнер бұйымдарының көрмесі өтті

пресс-служба акима Алматы
пресс-служба акима Алматы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» Бостандық бөлімшесінде маман Мухамедиярова Майгүл Жұмаділқызының жетекшілігімен қолөнер (еңбек терапиясы) тобының қызмет алушыларының шығармашылық жұмыстары мен қолөнер бұйымдарының көрмесі ашылды. Көрме 3 ақпаннан 10 ақпанға дейін өтеді, - деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Көрмеде қазақтың дәстүрлі қолөнері мен заманауи қолданбалы өнер туындылары ұсынылған. Олардың қатарында фетрден жасалған бұйымдар, моншақтан тоқылған әшекейлер, батик жұмыстары, қолдан жасалған сабындар, кесте және түрлі аксессуарлар бар.

Көрменің мақсаты — орталықтың қызмет алушылары арасында қолөнерге деген қызығушылықты арттыру, сәндік-қолданбалы өнердің ұмыт қалған түрлерін жаңғырту және топ шеберлерін қолдау. Алғашқы күннің өзінде-ақ орталыққа келушілер мен қонақтар тарапынан шеберлердің жұмыстарына жоғары қызығушылық байқалды.

Іс-шара «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» қызмет алушыларының шығармашылық әлеуетін дамытуға, олардың белсенді өмірлік ұстанымын қолдауға, сондай-ақ мәдени демалыс пен тұлғааралық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған. Мұндай көрмелер шығармашылыққа деген қызығушылықты сақтауға, таланттарды ашуға және адамдарды ортақ құндылықтар мен эмоциялар төңірегінде біріктіруге ықпал етеді. Қолөнермен айналысу ми қызметін жақсартып, ұсақ моториканы дамытады және есте сақтау қабілетін нығайтады.

Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» Бостандық бөлімшесі аға буын өкілдерінің мазмұнды, белсенді және шығармашылық демалысын қамтамасыз ету үшін жағдай жасауды жалғастыруда.

Оқи отырыңыз: «Менің жасыл балабақшам»: Алматыда экологиялық челлендж басталды

Новости партнеров